Түркістандық делегация «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде үздік жобаларды таныстырды

image.png

Астана қаласында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» атты фестиваль жалғасуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан ауқымды жиын бүгін 3-ші күнге ұласты. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көрмені аралап, жастармен кездесті. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев бастаған делегация фестивальге белсене атсалысып, жалпы 250 адам қатысып жатыр. Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше делегация құрамында 10 облыстық және жергілікті мәслихат депутаттары, 50-ге жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, 100-ге жуық студент, 60 мектеп оқушысы, өңірдегі колледжердің әлеуметтік серіктестерінің 20 өкілі, сонымен қатар арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері бар. 

«Жұмысшы мамандықтар қаласында» әр өңірдің ерекшелігіне қарай экономиканың 15 негізгі бағыты негізінде 20 аймақтың өндірістік көрмелері құрылған. Машина жасау, ақпараттық технологиялар, құрылыс, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, көлік және ел экономикасының болашағын айқындайтын басқа да салалар қамтылған. Түркістан өңірінің екі бірдей колледжі тың технологияларын ұсынды. Мақтаарал аграрлық колледжі су шаруашылығы, ал Қапланбек  жоғары аграрлық колледжі агро-экономикалық сала бойынша презентациялық көрмесінде үздік жобаларын таныстыруда. 

Көрмені аралау барысында ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, вице-министрі Еділ Оспан түркістандық жастардың креативті жобаларын оң бағалады. Сонымен қатар делегация өзге облыстардың көрмелеріне экскурсия жасап, тәжірибе алмасты. Ал келушілер техникалық білім беру саласындағы жаңа технологиялармен, оқу бағдарламаларымен танысып, отандық колледждер ұсынатын жаңа және сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды. 

Басқосу аясында ірі кәсіпорындар, бизнес қауымдастық пен колледждер арасында өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумдарға қол қойылуда. Қапланбек жоғары аграрлық техникалық колледжі түрлі бағытта бірқатар ұйымдармен келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, «ЭКО-Культура Евразия» компаниясы, «Qazaq sut» ҚБ, «ME GROUP» ЖШС, ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының республикалық палатасы, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ өкілдерімен кездеспек. 

Айта кетейік, фестиваль басталғалы түрлі семинарлар мен мастер-класстар, мұнай және энергетика өнеркәсібі тақырыптары бойынша хакатон, мамандықтар шеруі, бос орындар жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесерлері, концерттер мен тренингтер өтуде. Жұмысшы мамандықтарының жылын ресми түрде ашқан алғашқы іс-шара әрі еңбек адамдарын насихаттайтын фестиваль 15 ақпан күні өз мәресіне жетеді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Зеленский Трамптан кешірім сұрады
  • Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатылатыны рас па?
  • Автонесие: 2025 жылдан бастап не өзгереді?
  • Түркістан облысында жасы 100-ден асқан қанша ана бар
  • Магниттік дауыл: Наурыздағы ең қауіпті күндер
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер