Сотталған әйелдерге қатысты амнистияға кімдер ілігуі мүмкін?

image.png

Жасаған қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектерді босату туралы бастаманы жуырда мәжіліс депутаты Қарақат Әбден көтерген болатын, деп хабарлайды  RGmedia.kz тілшісі  BAQ.KZ -ке сілтеме жасап.

Депутат сотталған әйелдерге амнистияны қолдану үшін келесі критерилерді ұсынды:

- зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталған әйелдер;

- жүкті әйелдер мен кішкентай баласы бар әйелдер;

- көп балалы әйелдер;

- алғаш сотталған әйелдер;

- жасы ұлғайған (60-тан асқан) әйелдер.

 BAQ.KZ ақпарат агенттігінің жазуынша белгілі болғандай бүгінгі таңда қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін барлығы 6399 әйел жазасын өтеп жатыр. Оның 2692-сі бас бостандығынан айыру орындарында, 3707-сі пробациялық бақылауда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес ауырлығы аз және орташа қылмыстары үшін сотталған 1220 әйел рақымшылық бойынша жазасын өтеуден босатылуы мүмкін.

Өз кезегінде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған 5055 әйелдің жаза мерзімін қысқартуға болады.

Дегенмен, жазасын өтеушілерге қатысты материалдарды сотқа жіберу рәсімі тиісті заң қабылдағаннан кейін басталатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сотталған әйелдерге қатысты амнистияға кімдер ілігуі мүмкін?
  • Шіркеуде намаз оқыған мұсылман желіні шулатты
  • Елімізде "блогерлер тізіміндегі" бес адам 69 миллион теңге салық төлеген
  • Қытайда жарқанаттан коронавирустың жаңа түрі табылды
  • Салықтан жалтарған блогерлер. Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер