Серік Жұманғарин Салық реформасын сынап жүргендердің артында кім тұрғанын айтты

image.png

Қоғамда қызу талқыланып жатқан Салық реформасын сынайтындарға қатысты Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин  өз пікірін білдірді.  Ол  баспасөз мәслихатында мұның артында кім тұрғанын айтты деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі.

— Реформа әлі басталған жоқ. Салық кодексінің жобасы толық мақұлданғаннан кейін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ал оның бизнеске әсерін 2026 наурыздың наурызында ғана көр бастаймыз. Ал қазір айтылып жүрген түрлі сыни пайымдардың, блогерлердің артында елдегі ахуал, жүйе өзгергеніне жан-тәнімен қарсы адамдар тұр. Оларға қазіргідей жүйеде өмір сүру қолайлы — салық төлемейді, шектен тыс табыс алады, ол табысын Қазақстан экономикасына салмайды. Түсінесіздер ме, — деді ол.

Серік Жұманғариннің сөзінше, бұл реформа халықтың салық туралы түсінігін өзгертеді.

— Біз бұл ахуалды өзгертеміз. Мәселе тіпті Салық реформасында ғана емес, менталитет пен санан өзгертуде. Шынын айтсақ, осы түсініктерді өзгертуге бел шешіп кірісуге дайынбыз. Салық төлеу керек, — деді вице-премьер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бірқатар қызметкерлер "Ауыл" партиясының 25 жылдық мерекелік төс белгісімен марапатталды
  • Ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі - аудан өркендеуінің негізгі тірегі
  • Әлеуметтік нысан – "Қалдыбай ата" отбасылық мейрамханасы ашылды
  • Түркістан қаласында “Агрофест – Алтын күз” мерекесі өтті
  • ШЫМКЕНТТЕ «ҚАРА ШАҢЫРАҚ»ҚОЛӨНЕР ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер