Қазақстанда балаларға арналған арнайы SIM-карталар пайда болуы мүмкін

image.png

Оқу-ағарту Вице-министр Еділ Оспан мәлімдегендей, балалар SIM-картасы – балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы тарифтік жоспар. Оған кіріктірілген сүзгі балалардың кейбір сайттарға кіруіне және белгілі бір интернет-контентті қарауына шектеу қояды деп жазады BAQ.KZ..

Қазір бұл SIM-карталарды енгізу мәселесі тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп талқыланып жатыр. Біз оны кешенді жоспар жобасына енгіздік. Байланыс операторлары балаларға арнайы SIM-карталар шығаруы керек. Ата-аналар балаларына тек осы карталарды сатып алуға міндеттеледі, – деді Оспан Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Министрлік халықаралық тәжірибені зерттегенін атап өтті. Басқа елдерде де балаларға арналған SIM-карталар арнайы тарифтік жоспарлар мен сүзгілермен жабдықталады.

Бүгінде интернет арқылы ақпарат алудың негізгі көзі – смартфондар мен SIM-карталар. Бұл жаңа SIM-карталар балалар үшін қауіпсіздік сүзгісі қызметін атқарады, – деді вице-министр.

SIM-карталардың нақты қашан сатылымға шығатыны белгісіз. Қазір жауапты органдар технологиялық шешімдерді қарастырып жатыр.

Министрлік ұсынған балалар SIM-карталарының артықшылықтары:

Ата-ана бақылауы – баланың телефонды қалай қолданатынын бақылау мүмкіндігі.

Қауіпсіздік – зиянды контенттен қорғайтын кіріктірілген сүзгілер.

Геолокация – мобильді қосымша арқылы баланың орналасқан жерін көру мүмкіндігі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • 90 мыңға жуық адам әлеуметтік желіде Жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер