Грамотадан бастап миллионға дейін. Жемқорлық жайлы хабар бергендер қанша сыйақы алады?

image.png

Атырау тұрғындары сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарына белсене араласуда.  Антикордың мәліметінше  Атырау тұрғындары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалатыны туралы хабарлағаны үшін ақшалай марапат алу науқанынана белсене қатысуда.  

Аzh.kz жазуынша  2023 жылы алты адамға грамота, ал екі адамға 2 341 500 теңге көлемінде ақшалай сыйақы (1 адамға 2 100 000 теңге (пара сомасының 10%), екінші адамға 241 500 теңге (70 АЕК) төленіпті.

2024 жылы сегіз адам марапатталып, олардың жартысына грамоталар берілсе, қалған төртеуі 1 314 350 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған (1 адамға 241 500 теңге, 2 адамға 258 440 теңге, 3 адамға 214 410 теңге, ал 4 адамға пара сомасының 10%-ы ретінде 600 000 теңге төленген).

Ал 2025 жылдың өткен кезеңінде бір адамға 258 440 теңге (70 АЕК) сыйақы беріліпті.

Қызық премияның рейтінгісін   2022 жылы облыс әкімінің бұрынғы орынбасарын әшкерелеуге көмектескені үшін 12 миллион алған тұрғын  бастап тұр. Бұл рекорд әзірге жаңарған жоқ.  

Премия алған  адамдардың бәрі дерлік мемлекеттік қызметкерлер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Грамотадан бастап миллионға дейін. Жемқорлық жайлы хабар бергендер қанша сыйақы алады?
  • Террористерді қаржыландырып отырған шығармыз- Айгүл Орынбек садақа жайлы пікір білдірді
  • Қазақстанда балаларға арналған арнайы SIM-карталар пайда болуы мүмкін
  • Зеленский Трамптан кешірім сұрады
  • Алматыда Жириновскийге ескерткіш орнатылатыны рас па?
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер