Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды

image.png

Krisha.kz 2025 жылдың I тоқсанында Қазақстанда қайталама нарықтағы тұрғын үй бағалары қалай өзгергенін есептеді деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстан бойынша жылжымайтын мүліктің орташа құны үш айда 3%-ға — 1 шаршы метр үшін 379 913 теңгеден 391 424 теңгеге дейін өсті. Бұл ретте бағаның өсуі барлық қалада байқалады, бірақ оның қарқыны әр түрлі екенін айта кеткен жөн.

Тұрғын үй қай жерде қымбаттады

— Қостанай: +8.5%.

— Ақтау: +6.6%.

— Ақтөбе: +4.8%.

— Орал, Өскемен, Шымкент: +3.4%.

Байқап тұрғандарыңыздай, Қостанай мен Ақтауда өсу қарқыны айтарлықтай жоғары.

Қай қалаларда бағаның өсуі қалыпты деңгейде

— Алматы, Астана, Павлодар, Петропавл, Атырау — 3,1% шамасында.

— Семей, Көкшетау, Қызылорда — 2%-дан төмен.

Қай жерде баға аса өзгермеген

— Түркістан мен Талдықорған — тек + 0,9%, бұл нарықтың тұрақтандырылғанын немесе сұраныс төмендігін білдіруі мүмкін.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер