Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз

image.png

Үкіметте қазақстандықтарды онлайн-алаяқтардан қалай қорғау керегі жөнінде талқыланды, деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі  BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектенов интернет-алаяқтық оқиғаларының көбейіп бара жатқанын айтады. Оның ішінде жеке деректердің таралуы арқылы жасалатын қылмыстар бар. Үкімет басшысы жауапты ведомстволардан бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.

Біріншіден, жеке деректерге қолжетімділікті бақылау бойынша мемлекеттік сервис іске қосылды. Оған мемлекеттік ақпараттық жүйелердің 70 пайыздан астамы қосылған. Бұл сервис азаматтың келісімдерін жинап, олардың деректеріне қолжетімділік жасалған кезде хабарлама жібереді.

Екіншіден, байланыс операторларының жұмысын үйлестірудеміз. Алаяқтардың қоңырауларын анықтап, бұғаттау үшін антифрод-орталықтар құрылды. Олар Ұлттық банктің антифрод-орталығымен біріктірілген, - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, жаңа SIM-карталарды сатып алу кезінде биометриялық тіркеу енгізіледі. Сонымен қатар SIM-карталарды үшінші тұлғаларға заңсыз беру мен SIM-бокстарды заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылады.

Бұған дейін айтқанымдай, "СТОП-кредит" сервисі іске қосылды. Бұл сервис халық арасында белсенді қолданылуда. Үшіншіден, жеке деректерді қорғау ережелерін бұзғаны үшін заң жүзінде жауапкершілік күшейтілді. Алаяқтардың әрекетін қиындату үшін және олардың мүмкіндіктерін шектеу мақсатында бірқатар жаңа нормалар әзірледік. Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар Парламент депутаттарының қарауында. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз, - деп сендірді министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмабек Тәшеневтің елге жасаған еңбегі дәріптелді
  • Фитнес клубтар мен мейрамханаларды тексеру басталды
  • Енді жаңа SIM-карта сатып алу үшін екі рет тіркеуден өтесіз
  • «Алматы Су» кәсіпорнының лауазымды қызметкері 5 жылға сотталды
  • Қазақстанда пәтер құны жоғарылаған қалалар аталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер