Ұлытауда 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды

image.png

Ұлытау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жезқазған қаласы әкімдігінің қызметінде экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тексеру барысында 2024 жылы Экология департаменті полигонда экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне 212 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салғаны анықталды.

Бұл айыппұл заңсыз салынған, себебі 2020 жылдан бастап 2024 жыл аралығында полигон сенімгерлік басқаруға берілген және экологиялық заңнама талаптарын сақтау міндеті сенімгерлік басқарушыға жүктелген.

Осыған байланысты табиғат қорғау прокуратурасының наразылығы негізінде сот әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты.

Нәтижесінде жоғарыда аталған қаражат жергілікті бюджетке қайтарылып, алдағы уақытта Жезқазған қаласы тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер