Танымал журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті

image.png

Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың  баспасөз қызметі журналист Диас Ахметшәріптің комаға түскенін растады. Дәрігерлердің айтуынша  Диас Ахметшәріптің миына қан құйылып, комаға түсті. Ол қазір дәрігерлердің бақылауында жатыр. 

– Науқастың миына қан құйылған. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Пациенттің туыстарының рұқсатынсыз басқа ақпарат берілмейді, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Д. Ахметшәріп бірнеше күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтауға іссапармен келгені жайында видео жариялаған. Ол Ақтауға ІІМ жанындағы нашақорлыққа қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестің жұмысы аясында, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілдерімен бірге келген еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Бір оқушының тамақтануының орташа құны қанша
  • Рамазан Бектұрғанов —Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшысы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер