Beeline, Kcell және Tele2 ұялы байланыс операторына қатысты тергеу тоқтатылды

image.png

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов биыл наурызда басталған  KCell, Tele2, Beeline компанияларының үстінен тариф көтеру туралы «сөз байласу» күдігімен тексеру  жұмыстары туралы  айтып берді.

- Иә, біздің тарапымыздан тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл баршаға белгілі факт деп ойлаймын. Бәріміз де ұялы байланыс қызметін пайдаланамыз, осы орайда біз талдау жүргіздік. Соңғы бірнеше жылда ұялы байланыс қызметінің бағасы айтарлықтай өскені байқалады. Біздің тарапымыздан алдын ала құқық бұзушылық белгілері анықталды, - деді Болат Сәмбетов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Осылайша, агенттік басшысының орынбасары барлық ұялы байланыс операторына қатысты тергеп-тексеру жұмысының әлі аяқталмағанын айтып отыр. Оның ішінде Beeline, Kcell және Tele2 компаниясы бар. 

- Біз осы үш компания арасында сөз байласу белгілерін анықтап, тергеуді бастадық. Бірақ, қазір тергеу тоқтатылды. Бүгінде сот процесі жүріп жатыр, өйткені компаниялар біздің әрекетімізге шағым түсірді, қазір іс сотта қаралып жатыр, - деп толықтырды ол. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Beeline, Kcell және Tele2 ұялы байланыс операторына қатысты тергеу тоқтатылды
  • Еліміздегі қалаларда халық саны азайып жатыр
  • Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейде қамауға алынды
  • Шарм-эш-Шейх әуежайындағы трагедияға қатысты соңғы деректер мәлім болды
  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер