Қазгидромет: Аптап ыстық болады

image.png

"Қазгидромет"  РМК синоптиктерінің мәліметтеріне сүйенсек 17, 18 және 19 маусым күндері Қазақстанның кей өңірлерінде жаңбыр жауса, кей аймақтарда аптап ыстық күтілуде деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі.

Елдің басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. 18-19 маусымда солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерде күшті жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Солтүстік-батыс пен солтүстікте түнгі ауа температурасы 17-25 градустан 15-23 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 25-35 градустан 20-31 градусқа дейін түседі. Орталық өңірлерде түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді. Ал 17-18 маусым күндері күндізгі температура 35-39 градусқа дейін көтерілмек. Облыстың оңтүстігінде аптап ыстық 42 градусқа дейін жетеді. 19 маусым күні күндізгі температура 27-32 градусқа дейін төмендейді.

Шығыс өңірде түнде температура 12-23 градустан 17-25 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 27-35 градустан 35-39 градусқа дейін ыстық болады. 19 маусымда кей аудандарда өте қатты ыстық – 40 градус күтіледі.

Оңтүстік-шығыста түнгі температура аздап көтеріліп, 18-23 градустан 20-25 градусқа дейін жетеді. Күндіз 35-39 градусқа дейін қатты ыстық болады, 18-19 маусымда кей жерлерде өте қатты ыстық – 42 градусқа дейін көтеріледі. 

Ал оңтүстік өңірлерде күндізгі температура 43-46 градусқа жетіп, кейін 30-38 градусқа дейін төмендейді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер