Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ

image.png

Енді еліміздегі барлық пойыздарда бейнекамера болады. "Қазақстан темір жолы" компаниясы ұлттық тасымалдаушының барлық 112 бағыт бойынша жүретін пойыздарына 2025 жылдың соңына дейін бейнекамералармен жабдықтайтынын мәлімдеді  деп хабарлайды RGmedia.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздарда жолдағы қауіпсіздікті, жайлылық пен жедел әрекет етуді арттыруға бағытталған заманауи бейнебақылау және бейнесараптау жүйелерін енгізеді. Қазірдің өзінде ұлттық тасымалдаушыға қарайтын пойыздарда 4 мың камера орнатылған.

1Бейне мұрағаттар ахуал орталығының экрандары арқылы қаралады. Осылайша мамандар жағдайды жедел бақылап, стандартты емес жағдайларды талдайды. Бейнекамералар ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға, заңбұзушылықтарды тіркеуге және вагонда қалып кеткен заттарды табуға мүмкіндік береді. Орнатылған камералардың арқасында пойыздардағы құқықбұзушылық 2024 жылмен салыстырғанда 21 пайызға төмендеп, жолаушылардың шағымдары 32% азайды және ұмытылған заттардың 91 пайызы иелеріне қайтарылды", – деп  хабарлайды компания өкілдері.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бірлік пен татулық – қазақстан дамуының стратегиялық тірегі
  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер