Бір жылда 1 миллиард жалақы алғандар белгілі болды

20180830132352.jpg

Өзіне жоғары жалақы белгілеп, заңдастырып алған басшылардың айлықтары бір жылдың өзінде бір миллиард теңгеден асады. Бұл туралы бірқатар кәсіпорын басшыларының қитұрқы әрекеттерін әшкерелеген астаналық прокурорлар мәлімдеді.

Өзі басқаратын мекемені қарызға батыратын қитұрқы әрекетке пысықайлар банктен алған берешектерін өтемеу үшін барған.

Прокурорлардың айтуынша, мұндай схемалардың жалпы сомасы 1,3 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын басшылары ақшасын сақтап қалу үшін өз аттарына жоғары жалақы жазып отырған. Кейін үлкен сома берешек болып қалған өз компанияларының үстінен өздері арыз түсірген.

– Мәселен, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы банк алдындағы 381 млн теңгенің қарызын төлемеу үшін бір жылдың ішінде өзіне 1 миллиард теңгеден астам жалақы жазған. Осыдан кейін сотқа арызданып, жалақыны өндіріп беруді талап етті. Одан әрі арызданушы ретінде өзі басқарып отырған кәсіпорынмен мәмілеге келіп, үкім қағазын шығарып алған. Сөйтіп, жалақының қарызын өз мекемесінің атына шығысқа жазған. Ал заң бойынша алдымен жалақының қарызы өндіріледі. Прокурорлардың бастамасымен соттың шешімі жойылды, деп атап өтті елорда прокуратурасынан.

Дәл осындай фактілер тағы үш кәсіпорында анықталды. Екеуіне қатысты Қылмыстық кодекстің 416-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық кәсіпорындардың сот үкімдерін жоққа шығару шаралары қолға алынды деп жазады ҚазАқпарат.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер