Түркістан қаласында “Агрофест – Алтын күз” мерекесі өтті

Screenshot_15.jpg

Кеше Түркістан қаласында өңіріміздің ауыл шаруашылығы саласындағы биылғы жетістіктері мен жаңа бастамалары таныстырылған дәстүрлі “Агрофест – Алтын күз” мерекесі жоғары деңгейде өтті.

Іс-шара барысында облыстың 2025 жылға дейін қол жеткізген табыстары жайында өңір әкімі Нұраалхан Көшеров арнайы баяндама жасады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жергілікті өндірушілер өздерінің сапалы тауарларын тұрғындарға ұсынды.

Сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтау үшін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, фракция мүшесі Саурықов Ерболат Байұзақұлы қатысып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарға “Ауыл” партиясының 25 жылдық мерекелік медалін табыстады.

Ауыл еңбеккерлерінің еңбегі — ел игілігі. Барша агроөндіріс саласының өкілдеріне табыс тілейміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер