Ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі - аудан өркендеуінің негізгі тірегі

Screenshot_17.jpg

«Ауыл» партиясының Бәйдібек ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Қалдарұлы Мырзабеков Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты Мәдениет ауылында орналасқан асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытып отырған “Талғат” және “КЗ Дұман” шаруа қожалықтарында болды.

Сапар барысында қожалық жетекшілері Әнуаров Балтабай және ұлы Әнуаров Сәбит мал басын асылдандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырып, «Ауыл» партиясының қатарына қосылу жөніндегі ниеттерін білдірді.

Ерболат Қалдарұлы партияның облыста атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат беріп, олардың өтініштерін қабылдады. Сонымен қатар ауданның мал тұқымын асылдандыру ісіне қосқан елеулі үлестерін атап өтіп, партияның 25 жылдық мерекелік медальдарын табыстады.

Ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі мен ауыл шаруашылығын дамытудағы үлесі — ауданымыздың өркендеуінің негізгі тірегі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте состоялся показ кинофильма о вреде лудомании и наркомании
  • Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады
  • Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр
  • Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды
  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер