Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті

image.png

Мәжіліс «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктері туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды қабылдады.

Құжат бойынша негізгі баяндама жасаған Көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, хаттама V Жоғарғы мемлекетаралық кеңес барысында Мемлекет басшылары қол қойған шешімді орындау аясында жасалған.

- Бұл құжат «Кеген-Қарқыра» автомобиль пунктінің жұмыс істеу тәртібін «жарық уақыттан» «тәулік бойына» ауыстыруды көздейді. Аталған шара өткізу қабілетін арттыруға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді. Шекара арқылы 2025 жылы 11 миллион адам, 3 миллион көлік өткен. Аталған өзгерістер, екі ел арасындағы көлік-транзиттік қатынасты одан әрі дамытуға өз үлесін қосады деп есептейміз, - деді Нұрлан Саурабаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер