Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды

image.png

Қызылордадан Жамбыл облысына оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін барған 22 баланың жаппай улануы туралы деректі Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасы жоққа шығарды.

15 қаңтарда Тараз қаласының Меркі ауданындағы «Тұран» демалыс аймағында грек-рим күресінен бірнеше облыстың құрама командалары кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатына дайындыққа кіріскен. Оқу-жаттығу жиыны осы мақсатта жүргізілген.

— Жиын барысында, яғни 21 қаңтар күні облыс құрамасындағы 3 баланың дене қызуы көтеріліп, іші қатып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Осы жағдайға байланысты жаттықтырушылар қалған 19 баланы қосымша медициналық тексерістен өткізген. Тексеріс барысында спортшылардан ешқандай ауру белгілері анықталған жоқ. Спортшылар 29 қаңтар күні жаттығу жиыны аяқталған соң грек-рим күресінен ел біріншілігіне қатысады, — делінген хабарламада.

Басқарма жағдайды қатаң бақылауға алғанын жеткізді. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА ПРЕАМБУЛАСЫ: ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН БОЛАШАҚҚА БАҒДАР
  • НОВАЯ КОНСТИТУЦИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН: КЛЮЧЕВЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ И ПРИОРИТЕТЫ
  • «Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекітуді ұсынылды
  • Цифрлық дәуірдегі құқықтық қорғаныс күшейтілді
  • ХАЛЫҚТЫҢ БАСҚАРУ ІСІНЕ АРАЛАСУЫ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер