Ғасырдан асқан Түркістан вокзалына ғылыми реставрация жасалады

image.png

Қасиетті шаһардың тарихи нысандарының бірі саналатын теміржол вокзалы бүгінде айтарлықтай тозған. 2000 жылы күрделі жөндеуден өткен ғимаратта содан бері есік-терезелер жаңармаған деп жазады ҚазАқпарат. 

1904 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан Түркістан теміржол вокзалына ғылыми реставрация жүргізіледі. Жаңғырту жұмыстары келесі айда басталмақ.

Вокзал бастығы Марат Мирзакуловтың айтуынша, 2022 жылы жүргізілген жұмыстар барысында тек ішкі еден жабындары мен перон жолдарының брусчаткалары ғана ауыстырылған.

Алдағы реставрация «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаржысы есебінен жүзеге асады. Жобаны «Қазқайтажаңарту» мекемесі атқарады.

— Түркістан теміржол вокзалы — тек көлік нысаны ғана емес, шаһардың тарихи ескерткіші. Ғылыми-жобалық құжаттамаға сәйкес, ұзақ жылдар бойы реставрация жасалмаған вокзалдың тарихи, сәулеттік-көркемдік келбеті әуелгі қалпына келтіріледі. Жұмыстар жолаушылар қозғалысына кедергі келтірмей, барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізіледі, — деді «Қазқайтаңжаңарту» РМК бас директоры Олжас Шариязданов.

Қазіргі таңда 120 жылдан астам тарихы бар вокзалдан 17 қаларалық және 3 халықаралық бағытта пойыз қатынайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер