А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада «Халық институты» жобасы аясында «Келешек картасы: 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?» тақырыбында мазмұнды талқы өтті.

Талқыға Мардан Сапарбаев атындағы “Парасат” колледжінен белсенді студенттер қатысты. Спикер ретінде колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мадина Жұмабекова қатысып, гуманитарлық білімнің болашағы, ғылым мен қоғамның өзара байланысы, білім беру үдерісіндегі жаңа бағыттар жөнінде ой бөлісті.
Кездесу барысында ғылымның даму траекториясы, жастардың зияткерлік әлеуеті және 2040 жылға дейінгі білім кеңістігінің өзгерісі туралы пікірталас өрбіді. Ашық форматтағы талқы студенттердің сыни ойлауын дамытуға және болашаққа саналы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

