Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Брифинг барысында ол ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

628024984_18305609719279436_809965188699055712_n.jpg

Арман Абдуллаевқа баспасөз мәслихатында көгілдір отын, қоқыс алаңдарына байланысты сұрақтар қойылды. Аудан әкімі бұл мәселелер рет-ретімен шешімін тауып келе жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар аудандағы шипажайлардағы кәріз жүйелерінің мәселесіне тоқталып өтті.

- Былтыр бұл өзекті мәселе болды. Экологиялық талаптар орындалмай жатыр деген. Былтыр жалпы жобалық сметалық құжаттар әзірленді. Ол 1,9 млрд теңгені құрайды. Былтыр облыстық бюджеттен оның 10 пайызы бөлінді. Биыл қалған бөлігі бөлінеді, - дейді аудан басшысы. Осы қаржыға жауапты мекеме кәріз жүйесіне қатысты жұмыстарды аяқтайды, - деді аудан басшысы.  

Өткен жылы аудандағы Дербісек және Дарбаза ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 32 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен 49 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, биыл 89 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер