Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді

image.png

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті көп деңгейлі «Asar Baspana» қаржы пирамидасы қызметінің фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады. 

Пирамида 2023 жылдан 2025 жылға дейін Қазақстанның барлық аумағында тұтыну кооперативі ретінде әрекет еткен.

Қаржылық пирамида қызметіне 90 мыңнан астам азамат тартылған және олар 25 млрд теңгеден астам қаржы салған.

— Бұл ретте ақша қаражаты көптеген жағдайда жеке кәсіпкерлердің бақылаудағы шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұйымдастырушылар жеке мақсаттарына пайдаланған, ал қаражатты есепке алуды, қылмыс іздерін жасыру мақсатында әдейі жүргізбеген, — делінген прокуратура хабарламасында.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер