Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 млн-нан аса қаралым жинаған

Былтыр Түркістан облысында белгілі әнші Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін «Voice Beyond Horizon» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталған болатын, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобаға Қазақстанмен қатар Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің әншілері қатысып жатыр. Олар өңірдің басты мәдени-туристік нысандарында түсірілім жүргізді. Әр елден келген өнерпаздарды халықаралық сарапшылар бағалайды.

«Voice Beyond Horizon» — Димаш Құдайберген мен қытайлық «Hunan Broadcasting System» медиа холдингінің бірлескен жобасы. Бұл бастамаға Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетіп отыр.

Қытайлық «Hunan TV» телеарнасының мәліметінше, Түркістан қаласында түсірілген халықаралық тележоба бір тәулікте 102 млн қаралым жинаған. Аталған бағдарлама — аймақтық спутниктік арналар арасында көш бастап, «KuYun» және «Huanwang» платформаларында да жоғары рейтингке шыққан. Түсірілім аясында Түркістан облысының тарихи және туристік орындары көрсетілген. 

Түркістаннан басталған жоба Маңғыстау, Алматы және Ақмола облыстарында түсіріліп, шешуші финалы Астана қаласында өтеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 млн-нан аса қаралым жинаған
  • «Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»
  • «Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
  • 2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды
  • Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушы сабаққа барып жүр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер