Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы

Screenshot_4.jpg

Жаңа Конституциядағы үлкен өзгерістердің бірі Құрылтайдың құрылуы. Ата заң жобасында Парламенттің атауы ғана емес, оның негізгі құрылымы да өзгерді. Енді депутаттар саны – 145, бір ғана палата болады. «Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында сенатор Нұрлан Бекназаров бұрынғы Парламенттің айрымашылығы туралы айтып берді. 

«Енді елде бір палаталы Парламент жұмыс істейтін болады. Оның атауы Құрылтай болып өзгертілді. Депутаттар саны нақты белгіленіп, олардың барлығы партиялық тізім бойынша, яғни пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақталады. Жалпы саны 145 депутат жалпыхалықтық сайлау арқылы сайланады. Бұл жүйе Парламент жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Құрылтайға өткен партиялар сайлауалды бағдарламаларын, халыққа берген уәделері мен бағыт-бағдарын  бір алаңда талқылап, елдің әл-ауқатын арттыруға, экономиканы дамытуға, ішкі және сыртқы саясатты айқындайтын маңызды заңдарды қабылдауға белсенді қатысады. Осылайша, партиялар арасында әділ саяси бәсеке қалыптасады. Мұндай ортада популизмге жол берілмейді», - деді сенатор.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд
  • Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты
  • Шымкентте қала мәслихатының төрағасы өндіріс жұмысшыларымен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер