Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді

image.png

Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді.

Алматы халықаралық әуежайына Оман елінен арнайы рейспен отандастарымыз ұшып келді. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша ұшқан Boeing 767 ұшағы елге 314 адамды, соның ішінде балалы отбасыларды жеткізді. Екінші рейспен тағы 230 отандасымыз келе жатыр. Жолаушыларды әуежайдың күту залында туған-туыстары күтіп алды.

- Ұшақ Алматыға қонғанда ішімдегі қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бізді қиындықта қалдырмағандарыңыз үшін өте ризамыз, — деді балаларымен бірге ұшып келген жолаушылардың бірі.

Елге оралған отандастарымыздың айтуынша, арнайы рейс ұйымдастыру туралы шешім олар үшін қиын сәтте үлкен демеу болған. Адамдар дипломатиялық қызмет пен көлік ведомстволарына алғысын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жолдағы балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер