Астанада барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті

image.png

Бүгін Астана қаласында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Форумға Алматы облыстық мәслхат төрағасы Қуат Байғоджаев және облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Сондай-ақ еліміздің түкпір-түкпірінен келген депутаттар елордада бас қосып, жергілікті басқаруды дамыту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талқылады.

Аталған форумға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы қатысуда.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, форум – жергілікті өкілді органдардың жұмысын жетілдіруге және халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды диалог алаңы. Іс-шара барысында депутаттар аймақтардағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды.

Форум жұмысына Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, мәслихаттардың елдің саяси жүйесіндегі орны ерекше екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігі депутаттардың белсенділігі мен кәсібилігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар халықпен тұрақты байланыс орнатып, қоғамды атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен хабардар ету маңызды екені айтылды.

Мұндай форумдар тәжірибе алмасуға, аймақтар арасындағы байланысты нығайтуға және мемлекеттік реформаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Жергілікті депутаттар үшін бұл – халықтың мәселесін көтеріп, ел дамуына бағытталған бастамаларды ортаға салатын маңызды алаң.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Мыңбұлақ тұрғындары Наурызды ерекше атап өтті
  • “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен волейболдан турнир өтті
  • Тоқаев Түркістанда зиялы қауым өкілдерімен және өңір белсенділерімен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер