№37 мектеп ұжымымен жүздесті

Screenshot_27.jpg

Мақтаарал ауданына қарасты Бірлік ауылдық округінің Еркінабат елді мекенінде маңызды кездесу өтті. "Ауыл" партиясының Мақтаарал ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бексұлтан Абзал Ермаханұлы және "Бірлік" бастауыш партия ұйымының төрағасы Асқар Елшеев №37 мектеп ұжымымен жүздесті.

Кездесу барысында мектеп ұжымы өзекті мәселелердің бірі – канализация жүйесінің жиі толып кетуі салдарынан туындайтын қиындықтарды көтерді. Бұл мәселе оқу процесіне де, санитарлық жағдайға да кері әсерін тигізіп отырғаны атап өтілді. Өз кезегінде, жауапты тұлғалар айтылған ұсыныс-пікірлерді мұқият тыңдап, мәселені назарға алатынын жеткізді.

Жиын соңында білім беру саласына қосқан еңбегі мен белсенділігі үшін мектеп директорына "Ауыл" партиясының 25 жылдық мерекелік төсбелгісі табысталды.

Мұндай кездесулер жергілікті жерлердегі түйткілді мәселелерді анықтап, оларды кезең-кезеңімен шешуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Акция аясында мазмұнды экологиялық шара өткізілді
  • "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында тазалық шарасы өтті
  • "Таза Қазақстан" акциясы ұйымдастырылды
  • Музей ұжымымен кездесу өтті
  • "HACKATHON: Инновациялық, Тұрақтылық, Болашақ" атты студенттер іс-шарасы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер