
Бүгін Сайрам ауданы, Ақсукент кентіндегі “Береке-1” базарында “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы базар сатушылары мен жұмысшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында салық саласына қатысты өзекті мәселелер қозғалып, жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер мен талаптар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, базардағы тауар бағасының тұрақтылығы, кәсіпкерлерге жасалып жатқан қолдаулар және халыққа қолжетімді баға қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиын барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Өз кезегінде Төрегелді Оразалыұлы кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін назарға алып, тиісті деңгейде қаралатынын жеткізді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, екіжақты тиімді пікір алмасуға ұласты.
