
Шардара ауданы, Көксу ауылындағы “Кеншімов Б.” шаруа қожалығында мақта дақылын егу жұмыстары басталды. Шаруашылықта отандық “Мақтарал-4011” сорты егіліп, үстеме қорек ретінде “Аммофос” тыңайтқышы қолданылуда.
Осыған орай шитті мақтаны егудің түрлі технологияларын агроқұрылымдарға таныстыру мақсатында семинар-кеңес өткізілді. Аталған шараны “Ауыл” партиясының Шардара ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Кеншім Бекмағамбет Мұсырманқұлұлы ұйымдастырып, агроқұрылым өкілдерімен тәжірибе алмасып, мақта шаруашылығындағы озық тәсілдер кеңінен түсіндірілді.
