2026 жылғы маусым айында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жариялаған мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізді.
Камералдық бақылау барысында қолданыстағы талаптардың сақталмауы анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат пен техникалық ерекшелік веб-порталда мемлекеттік тілде уақтылы орналастырылмаған.
Анықталған бұзушылықтардың негізінде «Облыстық балалар оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына мемлекеттік сатып алу құжаттамасын қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру туралы хабарлама жолданды.
Нәтижесінде ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің хабарламасы белгіленген мерзімде толық көлемде орындалып, техникалық ерекшелікке тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, анықталған бұзушылықтар жойылып, мемлекеттік сатып алу рәсімі қолданыстағы талаптарға сәйкестендірілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды бақылау тетігі болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов
Результаты камерального контроля: государственные закупки «Областного центра детской реабилитации» приведены в соответствие с требованиями законодательства
В июне 2026 года Департаментом внутреннего государственного аудита по Туркестанской области Комитета внутреннего государственного аудита Министерства финансов Республики Казахстан проведен камеральный контроль процедуры государственных закупок, размещенной коммунальным государственным предприятием на праве хозяйственного ведения «Областной центр детской реабилитации» управления здравоохранения Туркестанской области.
В ходе камерального контроля установлено несоблюдение действующих требований. В частности, информация о государственных закупках и техническая спецификация не были своевременно размещены на веб-портале на государственном языке.
По факту выявленных нарушений в адрес коммунального государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Областной центр детской реабилитации» направлено уведомление о приведении документации государственных закупок в соответствие с действующими требованиями.
По результатам рассмотрения уведомления организатором требования Департамента исполнены в полном объеме и в установленные сроки, в техническую спецификацию внесены соответствующие изменения.
Таким образом, выявленные нарушения устранены, а процедура государственных закупок приведена в соответствие с требованиями законодательства.
Камеральный контроль является важным механизмом обеспечения соблюдения законодательства в сфере государственных закупок, повышения прозрачности процедур и предотвращения нарушений.
Б. Макашов
Главный специалист, Департамент внутренного государственного аудита по Туркестанской области
