«Таза қала» КММ мемлекеттік сатып алу құжаттамасы камералдық бақылау нәтижесімен заң талаптарына сәй

2026 жылғы мамыр айында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Сарыағаш қаласы әкімінің «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жариялаған мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізді.

       Камералдық бақылау барысында қолданыстағы талаптардың сақталмауы анықталды. Атап айтқанда, техникалық ерекшелікті әзірлеу кезінде сатып алынатын тауарларға қатысты ұлттық немесе мемлекетаралық стандарттар көрсетілмеген.

      Анықталған бұзушылықтардың негізінде «Сарыағаш қаласы әкімінің «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік сатып алу құжаттамасын қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру туралы хабарлама жолданды.

      Нәтижесінде ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің жолданған хабарламасы белгіленген мерзімде толық көлемде орындалып, техникалық ерекшелікке тиісті өзгерістер енгізілді. Осылайша, анықталған бұзушылықтар жойылып, мемлекеттік сатып алу рәсімі қолданыстағы талаптарға сәйкестендірілді.

     Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және бірыңғай стандарттардың орындалуын бақылауға бағытталған маңызды тетік болып табылады.

 

Түркістан облысы облысы бойынша

        Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің

                                бас маманы  Б.Мақашов

 

 

«Документация государственных закупок КГП «Таза қала» приведена в соответствие с требованиями законодательства по результатам камерального контроля»

     В мае 2026 года Департаментом внутреннего государственного аудита по Туркестанской области Комитета внутреннего государственного аудита Министерства финансов Республики Казахстан проведен камеральный контроль процедуры государственных закупок, размещенной коммунальным государственным учреждением «Таза қала» при акимате города Сарыагаш.

     В ходе камерального контроля установлено несоблюдение действующих требований. В частности, при разработке технической спецификации не были указаны национальные либо межгосударственные стандарты в отношении закупаемых товаров.

      По факту выявленных нарушений в адрес коммунального государственного учреждения «Таза қала» направлено уведомление о приведении документации государственных закупок в соответствие с установленными требованиями.

     По результатам рассмотрения уведомления организатором требования Департамента исполнены в полном объеме и в установленные сроки, в техническую спецификацию внесены соответствующие изменения.

     Таким образом, выявленные нарушения устранены, а процедура государственных закупок приведена в соответствие с действующими требованиями законодательства.

      Камеральный контроль является важным механизмом обеспечения соблюдения законодательства в сфере государственных закупок, повышения прозрачности процедур и обеспечения единообразного применения стандартов.

Б. Макашов

                        Главный специалист, Департамент внутренного государственного аудита по Туркестанской области

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар уақытылы жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер