2026 жылғы мамыр айында ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Түркістан қаласының білім бөлімінің «Балалар қолөнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны жариялаған мемлекеттік сатып алу рәсіміне камералдық бақылау жүргізді.
Камералдық бақылау барысында қолданыстағы талаптардың сақталмауы анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат пен техникалық ерекшелік веб-порталда мемлекеттік тілде уақтылы орналастырылмаған.
Анықталған бұзушылықтардың негізінде «Балалар қолөнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекеттік сатып алу құжаттамасын қолданыстағы талаптарға сәйкестендіру туралы хабарлама жолданды.
Нәтижесінде ұйымдастырушы тарапынан Департаменттің жолданған хабарламасы белгіленген мерзімде толық көлемде орындалып, техникалық ерекшелікке тиісті өзгерістер енгізілді.
Осылайша, анықталған бұзушылықтар жойылып, мемлекеттік сатып алу рәсімі қолданыстағы талаптарға толық сәйкес келтірілді.
Камералдық бақылау мемлекеттік сатып алу саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, рәсімдердің ашықтығын арттыруға және тілдік талаптардың орындалуын бақылауға бағытталған маңызды тетік болып табылады.
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
бас маманы Б.Мақашов
По результатам камерального контроля документация государственных закупок ГККП «Детская школа ремесел» приведена в соответствие с требованиями законодательства
В мае 2026 года Департаментом внутреннего государственного аудита по Туркестанской области Комитета внутреннего государственного аудита Министерства финансов Республики Казахстан проведен камеральный контроль процедуры государственных закупок, размещенной государственным коммунальным казенным предприятием «Детская школа ремесел» отдела образования города Туркестан.
В ходе камерального контроля установлено несоблюдение действующих требований. В частности, информация о государственных закупках и техническая спецификация не были своевременно размещены на веб-портале на государственном языке.
По факту выявленных нарушений в адрес государственного коммунального казенного предприятия «Детская школа ремесел» направлено уведомление о приведении документации государственных закупок в соответствие с установленными требованиями.
По результатам рассмотрения уведомления организатором требования Департамента исполнены в полном объеме и в установленные сроки, в техническую спецификацию внесены соответствующие изменения.
Таким образом, выявленные нарушения устранены, а процедура государственных закупок приведена в полное соответствие с действующими требованиями законодательства.
Камеральный контроль является важным механизмом обеспечения соблюдения законодательства в сфере государственных закупок, повышения прозрачности процедур и соблюдения языковых требований.
Б. Макашов
Главный специалист, Департамент внутренного государственного аудита по Туркестанской области
