Құттықтаймын, мен саған АИТВ жұқтырдым!

56490.jpg    

Әлеуметтік желілерде соңғы апталарда қоғамдық  орындарда АИТВ  індетін адамдарда әдейі жұқтырушылар пайда болды, сақ болыңыздар!» деген аудио жазбалар тарап кетті. Жазбада ер кісі  «әсіресе автобустың ішінде адам тығыз кезде белгісіз біреулер жолаушыларға шприцтің инесін шаншып алуда. Сөйтіп қалтасына «Құттықтаймын, мен саған АИТВ жұқтырдым!» деген бір жапырақ қағаз салып кетеді. Сондай-ақ көшедегі орындықтарда қолданылған шприцтерді әдейі қадап кетуде. Адамдар оны байқамай отырып қалған кезде ине денесіне кіріп кетеді,  осы арқылы арам пиғылдылар елге ауру таратуда. Абайлаңыздар!» деп жұртты ескертуде. Шымкент қалалық «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» бас дәрігердің орынбасары Қожахмет Маширов  желіде жұртты шошытқан ақпараттың  жалған екенін мәлімдеді. «Тұрғындарға мұндай қауесетке сенбеңіздер деп атап өткім келеді. Біздің қалада және орталықта мұндай оқиға әлі тіркелген жоқ»,- дейді ол. Машировтың айтуынша ЖИТС адамға үш жолмен жұғады. Ол: қан арқылы, жыныстық қарым-қатынас арқылы және анадан балаға жұғады. Ал аталған дертті қасақана жұқтырған адамдардың үстінен  қылмыстық іс қозғалып, жаза тағайындалады.

      Қазіргі таңда Оңтүстік өңірінде (Шымкент қаласы мен Түркістан облысы) жалпы 3349 адам АИТВ-мен есепке алынған. Аймақта жыл сайын 400 мыңнан астам адам тексерілуден өтеді. Ағымдағы жылдың 10 айында 393212 адам тексерілген. Бүгінгі таңда ретровирусқа қарсы терапияны 1388 АИТВ-мен өмір сүретін адам алып жатыр.

     Осы орайда Қазақастан аумағында 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында ЖИТС-тің алдын алу мақсатында «Өз мәртебеңді біл!» науқаны басталмақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер