Бес жыл сайын мектеп директорын сайлауды заңдастыру керек

министр-2.jpg

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мектеп директорын бес жыл сайын ауыстырып тұру туралы ұсынысын қолдайды. Бұл туралы ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Министрге журналистер оқырмандардың тарапынан түскен бір ұсынысты оқып берді: «Бүгінде мектеп директорларының бес жылдан артық уақыт отыратын жағдайлары өте көп. Соны бес жылда бір рет мұғалімдердің сайлауы арқылы жүргізуге болмай ма?». Шәмшидинованың айтуынша, бүгінде цифрлық теxнологиялардың арқасында біраз процестерді ашық жүргізуге мүмкіндік бар. 

– Мысалы, Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша мұғалімнің бәрін «блатпен» алады деп айтады. Қазір бәрін электронды түрде жасайды. Сол жерде тесттен өтеді. Содан кейін кім қабылданды, кім қабылданған жоқ. Бәрі тұр. Біз соған бәрібір келеміз. Ал директорлардың бес жылда ауысып тұруына байланысты ұсыныс, шынын айту керек, маған қатты ұнайды. Бірақ, қоғамды білесіздер. Біз қоғаммен ақылдасып, бәрін заңдастыруымыз қажет. Қазір мектеп директорларының босаған орындары конкурс арқылы өтеді. Осыны толықтыруымыз керек. Бір ақылдасып алайық. Шын мәнінде, бұл дұрыс болар еді деп есептеймін, – деді министр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер