Отырардағы Сапар орталығы 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі

22995f36afd38c4e2f0141f32ed9527d.jpg

Министр Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен салынып жатқан Отырар сапар орталығының құрылыс жұмыстарын көрді.

"Жалпы аудандағы Сапар орталығын салудағы басты мақсат Отырар оазисінің мәдени мұрасын еліміз бен шет елдерде насихаттау, Отырар қорық-музейінің территориясында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету, сонымен қатар, туризм саласының заманауи талаптарына сай туристік орталық қалыптастыру. Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын – үйлері мен көшелерін, қоғамдық орындарын, су құбырларын, қала қамалының қабырғалары мен тағы да басқа жерлерін ішінара қалпына келтіретін туристік жоба да қызықты болмақ. Осының негізінде білімді дәріптеуге және туризмді дамытуға баса мән берілуі қажет», - деп ерекше атап өткен болатын. Осының негізінде салынып жатқан нысан министрлік тарапынан Отырар ауданындағы туризмді дамыту бағытында жасалған ауқымды істердің бастауы болмақ" - деді министр.

Алдағы уақытта жергілікті әдімдік тарапынан да абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, екіжақты шаралардың нәтижесінде Отырарда заманауи туризм кластері қалыптасады деп күтілуде. Бұл туралы Арыстанбаб және Отырартөбе қалажұрты маңындағы абаттандыру жұмыстарының жобасымен таныстырған аудан басшысы Ерлан Қуанышұлы игілікті істің түпкі мақсатына жан-жақты тоқталып өтті. 

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің директоры Ерсін Тәжібаев Сапар орталығында атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеді.

Сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлының тікелей қолдауымен ауданымыздағы туристік маршрут бойына абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, аяқ жол мен вело жолдар, скверлер мен саябақтар және ойын алаңдарын салынатындығын ерекше атап өтті. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер