Елордада бояулар мерекесі өтті


«Республикалық жоба осымен жетінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Бүгінгі мерекеге қатысуға 1200 астаналық өтінім білдірді. Жыл санап қатысушылардың саны артып келеді. Шараның басты ерекшелігі  қатысушылардың жүгіру жылдамдығын өлшемейміз, яғни жеңімпаздар мен жеңілгендер болмайды. Бізге ең бастысы қатысушылардың жақсы көңіл-күйі мен әсем күлкісі керек», - деді шараның бас ұйымдастырушысы Александра Комлева. 

«Яркокросс» шарасына 3 жасқа дейінгі балалар тегін қатыса алады, одан жоғары балалар үшін - 2000 теңге, ал ересектер үшін 3000 теңгеден төлеп қатысуға болады. Мәреге жеткен барлық қатысушыға медаль беріледі.

«Биылғы «Яркокросс» қатысушыларын жұмбақ пен түрлі шытырман оқиғаларға толы JUNGLE күтеді. Барлық қатысушылар үшін тосынсыйлар әзірледік. Яркокросқа барлығы 70 шақты ерікті жұмылдырылды», - деді ол. 

WhatsApp Image 2019-07-21 at 15.09.14.jpeg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындарына жарқын көңіл-күй сыйлаумен қатар, қаланы жасыл-желекке айналдыру. 

Ал шарадан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалып, қалада ағаш отырғызылады. Осы күнге дейін шара аясында елордада 500-ден астам ағаш отырғызылған.

Комлева бояулар неден жасалатыны туралы айтты.

«Бояулар түрлі-түсті пудрадан жасалады. Ол экологиялық таза және қауіпсіз, яғни крахмал мен тағам бояғыштары қолданылады», - деп жауап берді шара ұйымдастырушысы.

13 шіледе Қарағанды да бастау алған бояулар мерекесі алдағы 27 шілде күні Көкшетау және 17 тамызда Шымкент қаласында өтеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер