Шымкентте 2ГИС қосымшасы автобустардың қозғалысын көрсете бастады


Бұл жұмыстарды қала әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы және 2ГИС компаниясы жүзеге асырып отыр.

Шымкент 2ГИС картасында қоғамдық көлік қозғалысы пайда болған Қазақстанның алғашқы қаласы болып отыр. Бұл жүйені сонымен қатар, Ресейдің - Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосибирск сынды қалалары қолданып келеді.

Аталған қосымшаны смартфон иелері Play Market дүкенінен жүктеп ала алады. Телефоныңызға жүктеген қосымшаға кіріп, аялдаманың белгісіне бассаңыз, картада автобустар пайда болады. Немесе іздеуде маршруттың нөмірін енгізсеңіз, қоғамдық көліктің қай жерде келе жатқанын және автобус жолын да көре аласыз. Бұл өз кезегінде аялдамада ұзақ уақыт тұрып қалу мәселесін жеңілдетеді.

Жүйе тек онлайн арқылы жұмыс істейді, сондықтан смартфонның ғаламторға қосылуы маңызды.

Егер автобус кептелісте қалса немесе кез келген басқа себеппен маршруттан кетсе, өзгерістер 30 секундтан кейін картада бейнеленеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер