«Денсаулық жолы-2019» кең ауқымды акциясы өтеді

abbc3c09-6479-48d4-a4c0-a30c88090417.jpg

«Денсаулық жолы-2019» кең ауқымды акциясының

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде кең ауқымды акциясы 05.08.2019-09.08.2019ж. аралығында барлық аудандарда өткізу жоспарлануда. Акция арнайы дәрігерлерден мобильді топтар құралып облыстың 16 ауданында 5 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

«Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының негізгі мақсаты -  тұрғындардың денсаулығын тұз, қант, майлар (майлар, трансмайлар) жоғары мөлшері бар тағамдарды шектеу немесе қолданбаудың денсаулыққа пайдасы туралы хабарлау, дененің артық салмағы, семіздік қаупін төмендету мен жұқпалы емес аурулардың алдын-алу үшін тұрғындарды салауатты өмір салты негіздеріне үйрету арқылы сақтау мен нығайту.

Акция өтетін орындар:

5 тамыз күні Қазығұрт ауданы - Қазығұрт аудандық емханасы

6 тамыз күні Сарыағаш – Сарыағаш аудандық орталық емханасы

7 тамыз күні Келес – Келес аудандық орталық емханасы

5 тамыз күні Мақтарал ауданы - «Еңбекші» дәрігерлік амбулаториясы

6 тамыз күні Шардара ауданы - Алатау батыр елді мекені

7 тамыз күні Жетісай ауданы - «Кетебай» дәрігерлік амбулаториясы

5 тамыз күні Түркістан қа ласы - Бірлік ауылы

6 тамыз күні Кентау қаласы - Ораңғай ауылы

7 тамыз күні Созақ ауданы - Созақ ауылдық ауруханасы

5 тамыз күні Сайрам ауданы - Сайрам аудандық орталық емханасы               

6 тамыз күні Түлкібас - Келтемашат ауылы

7 тамыз күні Төлеби ауданы - Қаратөбе ауылы

5 тамыз күні Ордабасы - Қараспан ауылы

6 тамыз күні Арыс - Ақдала ауылы

7 тамыз күні Бәйдібек ауданы – Бәйдібек аудандық орталық ауруханасы

8 тамыз күні Отырар - Балтакөл ауылы  қабылдаулар жүргізіледі.

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарында кардиолог, терапевт, эндокринолог сияқты бейінді мамандарды тарту арқылы артериялық қан қысымын, холестерин мен глюкоза,  физикалық параметрлер деңгейін, денсаулық мектептерінде қауіпті факторларды түзету арқылы жеке қауіпті анықтау үшін дене салмағы индексін анықтаумен «Ашық есік күндері» өткізілетін болады.

«Тамаққа қант пен тұзды аз қосу», «Құрамында майлар мен трансмайлардың мөлшері көп азық-түліктерді шектеу», «Скринингтен уақытында өтіңіз», «Темекіден бас тартыңыз», «Ішімдікті тұтынудың алдын алу», «Үнемі және барлық жерде белсенді болу» дене белсенділігіне жұртты жұмылдыру, мүдделі тараптарды тарту арқылы халық арасында белсенді өмір салтын  насихаттау мақсатында іс-шараларда ұйымдастырылады.

                                                                                               ТО СӨСҚО ЖШС

                                                                                                                  7-10-62

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер