Павлодарда алғашқы электробустар іске қосылды


Павлодарда алғашқы электробустар жолға шықты. Он автобус 3 бағытқа бөлінді – № 10, № 21 және № 22. 

"Электробустар экологиялық таза көлік болып саналады. Атмосфераға қалдықтар таралмайды. Екіншіден, дизельдік отынмен салыстырғанда үш-төрт есе үнемді: дизельдік отын, май, қозғалтқышқа қызмет көрсету қажет емес", - деді № 1 автобус паркінің директоры Ернар Қоңырханов. 

BOV_01-08-19_13-20(1).jpg

Электробустар үлкен сыйымдылығы бар және тез қуаттандырылатын литий-титанатты аккумуляторлармен жабдықталған. 

Электробус толық қуат алғанда 70 шақырымға дейін жетеді. 

Парк директорының айтуынша, маршруттардың соңғы аялдамаларында автобустарды 15 минутқа жуық қуаттауға қоятын станциялар орнатылған. 

Қалада барлығы 8 станция пайда болды, тағы 2 станция орнатуды жоспарлап отыр. Станциялар вандалдардан контейнерлермен жауып, дабыл белгісі мен бейнебақылау орнату арқылы қорғалады. 

BOV_01-08-19_13-20(2).jpg

№ 1 автопарк директоры хабарлағандай, мұндай батареялары бар электробустар Қазақстанда алғаш рет Павлодарға жеткізілді. Осыған ұқсас автобустар Ақтауда да бар, онда олар бір жыл жұмыс істеді және қатал климатқа есептелген. 

"Батареялар сыйымдылықты минус 40 градусқа дейін сақтайды. Автоөндірушімен жыл бойы электробустар мен дизельді автобустардың техникалық сипаттамалары, параметрлері пысықталды. Зауытпен келісіліп, автобустарды қосымша жылу қазандығымен жабдықтады. Қыста дизель отынын жылыту үшін пайдаланады, бірақ электр қуатымен жүретін болады", – деп атап өтті Ернар Қоңырханов. 

BOV_01-08-19_13-20.jpg

Электробустардың ішінде 29 отыратын және 46 тұратын орын бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін көтергіштер мен шынтақшалары бар орындықтар, сонымен қатар арнайы иттерге арналған орындар қарастырылған. Электробустарға 2 жыл немесе 100 мың км жол жүруге, қуаттау станциялары мен батареяларға 5 жылға кепілдік беріледі. Соңғыларын өндіруші зауыт ауыстырады және кәдеге жаратады. Кепілдік кезеңінің соңына дейін автопаркте өндіруші зауыттың инженері болады. 

BOV_01-08-19_13-20(4).jpg

Айта кетейік, автопаркті 76%-ға дейін жаңарту «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес компаниялары – «ҚДБ Лизинг» АҚ, Қазақстанның Даму Банкі арқылы жүзеге асырылды. 30 автобус үшін лизинг сомасы –  2 млрд 800 мың теңге. Бір электробус - 118 млн 200 мың теңге, дизельді – 55 млн теңге, алғашқысына жарты жылда қызмет көрсетуге - 2,5 млн теңге, екіншісіне – 8 млн теңге кетеді. 

Ернар Қоңырханов атап өткендей, қызмет көрсету құнының төмендігінен бір жыл пайдаланғаннан кейін парк электробустарда жол жүру тарифін азайту мүмкіндігін қарастырады. 

BOV_01-08-19_13-20(6).jpg

10 электробус және 20 дизельді Павлодарға 5 шілде күні таныстырылды. Дизельді автобустар шілденің соңында, ал электробустар – 1 тамызда жолға шықты. Себебі, № 1 парк «ҚДБ Лизинг» АҚ-мен жасалған шарт бойынша көзделген талаптарды орындаған. Осы уақыт ішінде электробустардың жүргізушілері мен қуаттау станцияларына қызмет көрсету мамандары оқудан өтті. Барлығы № 1 автопаркте 12 маршрутта 100 автобус бар, 108 қызметкер, 120 жүргізуші және 120 кондуктор жұмыс істейді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер