Қызылорда облысының әкімі «Бірге – таза Қазақстан» акциясына қатысты


Қызылорда облысы әкімі Қуанышбек Досмайылұлы Сыр өңірінде кезекті рет ұйымдастырылып отырған «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.

2019 жылы 20 шілдеде ҚР Үкіметінің басшысы А.Маминнің бастамасымен қолға алынған экологиялық акциясы Қызылорда облысында әр апта сайын өткізіліп келеді.

Аталған акцияға алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы акцияға қолдау білдірген болатын. #Birge #TazaQazaqstan акциясы Сыр өңірінде Арал ауданындағы Көкарал бөгетінің жанын тазартумен басталды. Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов эстафетаны өңірдің барлық аудандары мен елдімекендеріне жолдаған еді.

Бүгінгі ұйымдастырылған акцияға аймақ басшысы, облыстық мекемелер, жастар және үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Облыс орталығында Сырдария өзенінің жағалауынан – Құтқару мекемесі аралығындағы 8 шақырым жерде 2 000 астам адам жұмыс істеді. Бүгінгі акцияға облыс бойынша 7000 жуық адам атсалысты.

Акцияны әр сенбі сайын күз айына дейін жалғастыру жоспарлануда. Шара аясында қатысушылар тарапынан жақын маңда орналасқан тұрғын үй иелеріне қоқыстарды бей-берекет тастамау жөнінде түсіндірме жұмыстары да жүргізіліп жатыр.       


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алматы қаласы өңірлер арасында сыртқы сауда көлемі бойынша абсолют көшбасшы атанды
  • ​Смена поколений в теннисе: готовы ли новые звёзды перехватить все "Шлемы" у ветеранов
  • Әлемдік жұлдыздардың концерті қазынаға 1 млрд теңгеден астам қаржы әкелуі мүмкін
  • Қазақстанда темекі тағы 12% қымбаттады
  • Түркістанда «Домбыра – дастан» іс-шарасы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер