Құнды жәдігер, білікті кадр, сапалы қызмет – туризм саласының өркендеуінің кепілі

d70c551cfee874f3e1f3a5481042dace.jpg

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Түркістан қаласына арнайы іссапармен келді. Министр іссапар барысында "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің Сапар орталығы және Қожа Ахмет Ясауи музейінің құрылыс жұмыстарымен танысты. 

Түркістан қаласында тұңғыш рет бой көтеріп жатқан Сапар орталығының ерекшелігі мен маңызына тоқталған министр ғимаратты музей жабдықтарымен  қамтамасыз ету және туристерге ыңғайлы орта қалыптастыру мен экспозициялық залдарды жабдықтау бойынша министрлік тарапынан тиісті жұмыстар атқарылатынын айтты.

Ортағасырлық Күлтөбе қалашығындағы 4 гектарға жуық аумақта жүргізіліп жатқан  археологиялық қазба жұмыстарымен танысқан министр зерттелген аумақтарға дер кезінде консервация және реставрация жұмыстары жүргізілуін тапсырды. Сондай-ақ, Күлтөбе қалашығының цитаделіндегі жабынды ауыстыру жөнінде арнайы тапсырмалар жүктеді.

Қазіргі Түркістан қаласының түп тарихын зерттеу - тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі. Қаланың осы кездегі тарихын зерттеу арқылы төл мемлекетіміздің тыныс-тіршілігінің қыр-сырларын тануға болады.

Ақтоты Рахметоллақызы Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етіп, бабалар рухына тағзым етті.

Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және  Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенесі мен сегіз қырлы сағана, цитадельдің ортағасырлық көшесінде жүргізілетін қайта жаңарту және музейлендіру жұмыстарын пысықтады.

Сонымен қатар,  7 мың орынға шақталған стадион және олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, драма, театр мен кітапхана, "Ұлы дала елі" орталығының да құрылыс жұмыстары және нысандарды туристерге сапалы қызмет көрсету үшін білікті кадрлармен толықтыру мәселелері бойынша нақтылады. Министр құнды жәдігер, білікті кадр, сапалы қызмет – туризм саласының өркендеуінің кепілі екенін мәлімедеді. Туристер әрқашанда өздері сапар шеккен қаладан өздеріне деген жылы қарым-қатынас пен сапалы қызметті күтеді. Өздеріне керектіні толыққанды ала алғанда ғана олар мұнда қайта оралады. Сондықтан да, туристтердің талғамынан шыға білу – басты мақсат. Министр осы жайттарды нақтылап айтты. Алдағы уақытта қорық-музей туристерге көрсетілетін қызметті қазіргіден де жоғары деңгейде көрсететін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер