Туристерді қызықтыруда логотиптің маңызы зор

633ec3e32d7aeaaf0543b90d7738bdb9.jpg

Мерседес десе, Кока Кола десе көз алдыңызға оның әйгілі логотипі елестейді. Нью-Йорк десе әйгілі "I love NY" жазуы санаңызда жаңғырып өтеді. Жалпы, кез-келген нысанда танытарда оның логотипі өте маңызды рөл ойнайды. Көптеген адамдар Мерседесті оның брендке айналған логосы, эмблемасы үшін алады десек қателеспес едік. Мінекей, мұндай логотип қалалар үшін де керек десек болады. Кішкентай ғана логотипке бүкіл қаланың тарихын сыйғызып жіберуге болады. Әрине, бұл жерде креативті идея қажет. Көптеген туристер өздері бармаған жаңа жерге барарда интернеттен сол өлке туралы мәліметтер жинап, логипіне көз жүгіргері анық. Егер лого туристке ұнаса, онда ол сол қалаға баруы әбден мүмкін. 

Жақында Түркістан әкімі Рашид Аюпов қаланың жаңа логотипінің жобасын жариялады.

- Сіздерге Түркістанның жаңа логотипінің жобасын ұсынамын! Біз онда ежелгі және қазіргі заманғы миксті көрсетуге тырыстық. Қала өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи болуы керек. Логотиптің негізгі сарыны Жібек жолы бойындағы қозғалыс. Таяуда ол қоғамдық тыңдауда, содан кейін мәслихат сессиясында талқыланатын болады", - деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында қала әкімі Рашид Аюпов. Аюповтың айтуынша, егер бұл жоба бекітілсе, жаңа логотип қаладағы көптеген нысандарда пайда болады. Нәтижесінде қаланың жаңа логотипі кеңінен танылып, брендке айналуына әбден мүмкіндік бар. Ал, бренд - бұл табыс көзі. Алдағы уақытта Түркістан қаласы жаңа логотиппен бірге жаңа белестерді бағындырып, брендке айналу мақсатында жұмыс істейді. Нәтижесінде қалада туризм саласы жанданатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер