Түркістанның индустриялды аймағы өзгеше

Screenshot_10.jpg

Облыс орталығы мәртебесінен ие болған Түркістан қаласында соңғы бір жылдың ішінде кәсіпкерлік саласы айтарлықтай дамып, көптеген оң өзгерістер орын алуда.  Мәселен бұрын Түркістанда индустриалды аймақ 40 гектар болса, қазіргі таңда оған 310 гектар қосылып жатыр.  

        Қала әкімі Рашид Аюповтың айтуынша  шаһардағы индустриялды аймақ өзге қалалардан ерекше дейді.  «Еліміздің басқа қалаларында индустриялды аймақтар салалық болып бөлінеді, аграрлық индустриялды аймақ деген секілді. Ал, Түркістанда барлығы бір жерде орналасады. Кез келген инвестор қаржысын салып, қалаған бағытында жұмыс істей береді. Жалпы бәрін топтастырып бір аймақта орналастыру өте дұрыс шешім деп есептеймін. Өйткені жеріміз онша үлкен емес, бар болғаны 19 мың 600 гектар. Оның 350 гектары индустриалды аймақ», - дейді қала басшысы.  

       Сала мамандарының айтуынша бүгінде қалаға инвесторларды тарту жұмысы қызу жүруде. Сондай-ақ кәсіп ашамын деушілерге мемлекеттен көрсетілетін жеңілдектер көп, қала әкімдігі тарапынан да қолдаулар баршылық. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер