Азаматттарды қабылдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

17.09.jpgСозақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаев, аудандық мәслихат депутаттары – мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері Ғабит Жүсіп, Гүлжан Момбекова, Гүлсара Әлімбекова және аудандық «Жұмыспен қамту орталығының» маманы Нұрлыбек Әбілқасымов «Nur Otan» партиясының Созақ аудандық филиалында жергілікті тұрғындарды әлеуметтік мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға ауданның бірқатар ауылдарынан азаматтар келіп, жеке мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы, тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, қайтарымсыз шағын несие алу мәселелері бойынша келген азаматтарға Б.Айтбаев тиісті шешімдер қабылданып, өтініштер бойынша қажетті шаралар қолға алынатындығын жеткізді. Ал аудандық мәслихат депутаттары – мәслихаттағы партия фракциясының мүшелері өздері тарапынан да өтініштердің бақылауда болатынына сендірді. Тіпті қажет болған жағдайда депутаттық сауалдар жолданатынын атап өтті. Мұнан бөлек, азаматтарға заңнама бойынша түсіндірмелер берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер