Созақта 4 жоба Даму бағдарламасымен жүзеге асты


Созақ ауданы бойынша бүгінгі күнге дейін Үдемелі индустриялды инновациялық Даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасы тізіміне жалпы құны 19 млрд. 534,6 млн. теңгені құрайтын 6 жоба енгізілген. Оның ішінде жалпы құны 951,6 млн. теңгені құрайтын 4 жоба 1 тамызға дейін жүзеге асырылған. Іске асырылған жобалардың барлығы ауданның «Индустриалды аймағында» орналасқан.
– 2019 жылы 83 млн. теңгені құрайтын «Тағай ата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тұз өңдеу жобасын (иодталған ас тұзын, жемдік тұз, техникалық тұз) жүзеге асыру жоспарланған. Инвестициялық мәселелерге байланысты өткен жылы желтоқсан айында «Тағай ата» ЖШС жемдік тұз шығару цехын іcке қосқан болатын. Осы жылдың қараша айына дейін йодталған ас тұзын шығаратын қондырғыларды орнатып, ас тұзын шығаруға жұмыс жасалуда. Қазіргі кезде «Банк Центр Кредит» екінші дәрежелі банктен 60 млн. теңге несие алу үшін құжаттары өткізіліп, қаралуда, – дейді аудан басшысының орынбасары Бекзат Әлмағанбет.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • АЭС атауына арналған конкурс қарқын алуда — тәулік ішінде 10 мыңға жуық өтінім түсті
  • Департамент өкілдері және еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізді
  • Тіл – ең асыл құндылық
  • Шымкентте «Айбары мықты – ата заң» атты дөңгелек үстел өтті
  • Мангистауские врачи и студенты пройдут бесплатное обучение и повысят квалификацию в Турции
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер