Қылует жаңартылып жатыр

Screenshot_20.jpg

Соңғы жылдары рухани шаһар Түркістанға ат басын бұратын туристердің саны артып келеді. Отандық және шетелдік туристер әрине бірінші кезекте Қожа Ахмет Ясауи кесенесін тамашалауға келетіні анық. Сондықтан мамандар ғасыр жәдігерін сақтап, баптау және туристерге ыңғайлы жағдай жасау жұмыстарын жүргізуде.  

Осы орайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Қылует жер асты мешітінде қайта жаңарту жұмыстары жүруде.  «Қазқайтажаңарту» кәсіпорнының мамандары Қожа Ахмет Ясауидің тарихымен тығыз байланысты ескерткіштің іргетасын ашып, 2,8 метр тереңдіктен бастап желдеткіш жүйесін орнатты. Сондай-ақ, Қылует жер асты мешітінің шатыры астындағы жарамсыз ағаштар ауыстырылып, ылғал мен суық, суға төзімді арнайы усб материалы төселіп, шатыры жаңартылды. Ғимараттың ішкі және сыртқы қабырғалары мен еденіндегі мүжілген реставрациялық кірпіштер де жаңартылып, ұстындар лак бояуларымен сырлануда. Ағымдағы жылға жоспарланған қайта қалпына келтіру жұмыстары қараша айында толығымен аяқталады.

Айта кетейік, қылует жер асты мешіті - ХІІ-ХV-ХІХ ғасырларға тән республикалық мәртебеге ие ескерткіш. XII ғасырда салынып XX ғасырдың бірінші жартысына дейін үздіксіз жұмыс істеп тұрған, жартылай жер астында орналасқан ортағасырлық діни құрылыстардың бірі. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстігінде 120 метр қашықтықта орналасқан. Координаттары - 43˚17.776΄,068˚16.247΄, теңіз деңгейінен биіктігі – 228 метр.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Марафондағы екі адам өлімі: Министр мәлімдеме жасады
  • Қазақстанда жәрдемақы беру тәртібі өзгереді
  • Ұлытауда 212 млн теңге жергілікті бюджетке қайтарылды
  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер