Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/
Режиссер әрі актер Нұртас Адамбайдың кезекті туындысы.
Фильм сипаттамасы: Қалалық өмірге үйреніске Азамат есімді ауқатты жігітті, белгілі себептерге байланысты Таза Бұлақ атты ауылға әкім етіп жібереді. Алғашқы күннен бастап ауыл әкімі болған Азаматтың бар арманы ауылға қайту. Байланыстың болмауы, ауылдағы әжетхана, мемлекет тілін білмеуі, жарықтың өшіп қала беруі жас әкімді әбден қажытып жібереді. Азаматтың байқуатты әкесі ұлының қалаға қайтып оралуына уәде береді, бірақ оған дейін жас әкім ауылда тұруы керек.
Фильмде Нұртас Адамбайдан бөлек Гүлназ Жоланова, Қайрат Әділгерей сынды актерлер де ойнайды.
Нұртас Адамбайдың жаңа картинасы 7 қарашадан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетілетін болады.
Зеркала
Режиссер Рашид Сүлейменовтың жаңа туындысы.
Төрт жас жігіт пен бойжеткен қалаға жұмыс жасауға келеді. Үлкен қала жастарды қуана қарсы ала қоймайды. Өмір сүру үшін олар көліктердің айналарын ұрлауға кіріседі. "Ұрлық түбі - қорлық", - демекші фильмдегі кейіпкерлер жасаған істерін, мойындарымен көтеруге тура келеді.
Басты рөлдерде: Аян Өтепберген, Элизат Берікова және Азамат Ашмақын.
Красавчики до нашей эры
Сымбатты жігіттерден құралған тайпа туралы фильм. Оларға ештеңенің қажеті жоқ, олардың уақыты күннің астында, яғни көлеңкеде демалумен өтеді. Өйткені олар күндіз-түні жұмыс істейтін көрші тайпаның - «жұмысшы руы» есебінен өмір сүреді.
Бір күні «жұмысшылар руы» жоғалып, ол жақтан мәңгілікке кетіп қалады. Тайпаның сымбатты жігіттері демалып жату аяқталғанын түсінеді. Оларда екі таңдау тұрады: Жұмыс істеу немесе жоғалып кеткен тайпаны табу. Олар екінші вариантты таңдайды.
Фильм Медет Аманбаевтың туындысы.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/