«Нұр-Сұлтандағы тарихи кеш»

Screenshot_5.jpg

Біздің заманымыздан бұрынғы 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан аумағын сақ тайпасының мекен еткені тарихтан белгілі. Олардың көшпелі кезеңдегі көзсіз ерліктері мен жауынгерлік тактикалары талай фильмдер мен көркем шығармаларға арқау болды. Әсіресе, сақ әйелдерінің батыр бейнесі жадымызда жақсы сақталған. Сақ әйелі дегенде бірден Томирис ханымның ойға оралары сондықтан болар. Ал, Сыр бойында «арулар жасағын» құрған, сақ патшасының қызы, Мермер қолбасшының әйелі болған Зарина ханшайым туралы білетіндер кемде-кем. 

Screenshot_4.jpg

Өткен тарихты қазіргі ұрпақ санасында қайта жаңғырту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік академиялық филормониясы  30 қазан күні «Сақ патшайымы Зарина» театрландырылған қойылымын сахналады. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұйымдастырылған тарихи кеште дала сұлуы Заринаның өміріндегі маңызды сәттер көрсетілді.   Парсылар мен сақ тайпаларының арасындағы араздық, сол кездегі сақ қыздарының ерлік істері көрермендерге шынайы эмоция сыйлады. Әсіресе, аңшылықта жүріп жау қолына түскенде Парсы ханзадасына ессіз ғашық болып, бірақ, елінің егемендігі үшін келісімін бермеген патшайымның қайсар мінезі жүректі жібітті. Ал, «Сарыарқа» халық музыка ансамбілі ұлы даланың сазымен кештің көркін келтірді. Адам бойындағы рухты көтеретін музыкалық шығармалары келгендердің делебесін қоздырды. Біз мұны концерт соңындағы қонақтардың ыстық ықыласынан байқадық. 

Сценарий авторы: Қуат ЕЖЕМБЕК

Музыка: Тоғжан ЖАХИН

Балетмейстер: Лаура МҰҚАЕВА

Балетмейстер ассистенті: Әнел ИСЛАМОВА

Режиссері: Асхат ҚОШАЕВ

Жоба авторы: Сәкен ӘБДІРАХМАНОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер