Үлбі металлургиялық зауыты 70 жылдық мерейтойын атап өтті


Кәсіпорын қызметкерлерін атаулы күнмен облыс әкімі Даниал Ахметов пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" құттықтады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Зауыт тарихы 1949 жылғы қазанның 29-ынан кәсіпорынның алғашқы өнімі – торий оксалаты шығарылған күннен бастау алады. Бір кезде КСРО Атом жобасы аясында құрылған ҮМЗ – әлемдегі ядролық индустрияның алғашқы қарлығаштарының бірі болды. Ізінше бериллий, тантал және уран өнімдерін шығаратын өндірістер орындары бірінен соң бірі ашылды. Қазіргі күні Үлбі металлургиялық зауытының – өнімдері әлемнің көптеген елдеріне танымал. Заманауи технологиялардың арқасында жыл сайын мұнда жаңа өнім түрлері өндіріліп, оған деген сұраныс артып келеді. Бүгінде оның өнімдерін Болгария, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Польша, Словакия, АҚШ, Чехия, Франция сынды елдер тұтынып отыр.

Кәсіпорын "Қазатомөнеркәсіп" Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді. Әлемдік уран қорының 25 пайызына ие болған Қазақстанның зор әлеуетіне сүйене отырып, компания кәсіпорын алдына атом саласын сапалы жаңа деңгейге жеткізу міндетін жүктеп отыр.

ҮМЗ жоғарғы технологиялық уран, тантал және бериллий өнімдерімен халықаралық нарықта Қазақстан атын танытып келеді. Бұл істің барлығы көп білім мен тәжірибені, терең біліктілікті талап етері анық, мұның бәрі үлбіліктерде бар екені күмәнсіз,– деді Ахметжан Есімов.

Зауыт ТМД аумағында жеке және әлемде тантал қосылған шикізатты қайта өңдеуден дайын өнім алуға дейін толық өндірістік циклі бар аса ірі кәсіпорындардың қатарына жатады. Зауыт қызметкерлерін құттықтаған Даниал Ахметов кәсіпорынның осы артықшылығын ерекше атап өтті.

Мерейтойға арналған салтанатты жиында кәсіпорын өндірісіне елеулі үлес қосқан бір топ қызметкер "Қазатомпром" компаниясы мен облыс басшылығының Алғыс хаттарымен марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер