Шымкентте бірыңғай адалдық сағаты өтті

Screenshot_1.jpg

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен кезекті республикалық Адалдық сағаты өтті. 

Іс-шараның негізгі мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оқушыларға парасаттылықтың негізгі қағидаларын жеткізу болып табылады.

Атап айтқанда, "Парасаттылық мектебінің" 50 арнайы оқытылған лекторлары "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторингтік топ, Нұр Отан, ардагерлер кеңесі, жастар ұйымдары, қамқоршылық кеңестерінің өкілдерімен бірлесе қаланың 140 мектебінде 28 мыңнан астам оқушыны қамтыған дәрістер өткізді.

Аталған кездесулердің форматы ойын коучингтері, тренингтер, дөңгелек үстелдер түрінде ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың негізгі мақсаттары, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы парасаттылықтың рөлі түсіндірілді.

Screenshot_2.jpg

Шараларда өскелең ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Парасатты дос, аға, ұл, оқушының үлгісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмысының өзегі болып табылатындықтан, «Парасаттылық мектебінің» лекторлары өз баяндамаларында жастарды насихаттау қызметінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Қазақстанда күн күрт суытып, үсік жүреді
  • Салық кодексі. Temu, Pinduoduo секілді шетелдік маркетплейстерге талап күшейтілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер