Шымкентте студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы үздік эссе байқауы өтті

Screenshot_3.jpg

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, "Ғаламат" қоғамдық бірлестігінің және "Шымкент - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында эссе байқауын өткізді. 

Шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дәріптейтін құндылықтарды түсіндіру, сақтау және нығайту, парасаттылық мәдениетін қалыптастыруда жастардың үлесін жоғарылату болып табылады.

"Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының коворкинг орталығының алаңында өткен байқауға 3 Университеттен 7 студент қатысты.

Байқауға қатысушылар тақырып бойынша мәселені зерделеп, өз пайымын, азаматтық көзқарасы мен ұстанымын, ұсыныстарын жазды. Оларға Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Арнайы мониторингтік топ өкілдері мен қоғам өкілдерінен құралған әділқазылар сұрақтар қойып, тақырып бойынша ашылмай қалған тұстарын кеңінен жеткізуге мүмкіндік берді. 

Screenshot_4.jpg

Іс-шара қорытындысымен І-орынды SilkWay Халықаралық университетінің студенттері И.Есентай, ІІ-орынды  А.Лашкер,ІІІ орынды «Мирас» университетінің студенті Г.Ниятуллаева иеленді. 

Жеңімпаздар 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында марапатталатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Шымкент қалалық мәслихатында Конституцияның жаңа жобасы талқыланды
  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер